Center Image
IHSAN.KZ
Қасиетті Құрбан айт: мекемелерге рухани құттықтау жасалды
Қасиетті Құрбан айт: мекемелерге рухани құттықтау жасалды

Ақтас кенті «Ерімбет ата» мешітінің имамы Азамат Сайлауұлы бастаған мешіт имамдары қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Ақтас кентіндегі бірқатар мекеме ұжымдарын арнайы Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Атап айтқанда, Ақтас кенті әкімдігі, мектеп ұжымы, Қазыналы қарттар үйі қызметкерлері және Мәдениет үйінің меңгерушілері мерекелік ізгі тілектер мен сый-сияпатқа ие болды.

Кездесу барысында имамдар Құрбан айттың рухани маңызына тоқталып, бұл мерекенің бірлікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтінін атап өтті. Сондай-ақ, ел тыныштығы, халық амандығы және береке-бірлік үшін дұға жасалып, ақ тілектер айтылды.

Мекеме ұжымдары мешіт өкілдеріне алғыстарын білдіріп, осындай рухани кездесулердің қоғамдағы өзара сыйластық пен ынтымақты нығайтуға үлкен үлес қосатынын жеткізді.

Іс-шара соңында тараптар Құрбан айт мерекесінің құндылықтарын дәріптеу және игі дәстүрлерді жалғастыру бағытында жылы лебіздерін білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz