ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамы аталып өтті.
Таңғы сағат 06:30 - да айт намазы оқылып, мереке құлшылықпен бастау алды.
Ұлық мейрамда ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, айттың мән-маңызы, құрбан шалудың тарихы мен хикметі туралы уағыз-насихат айтты.
Айт намазынан кейін ел мен жердің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы