Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ауласында қазақтың ұлттық ойындарынан тартысты сайыс ұйымдастырылды.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жамағат арасында ауызбіршілік пен салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен шараға мешіт жамағаты мен қала тұрғындары белсене қатысты.
Сайыс барысында қатысушылар қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойындары — қошқар көтеру, арқан тартысы және қол күресінен өзара бақ сынасты. Әр сайыс ерекше тартысқа толы өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қошқар көтеру сайысында күш пен төзімділікті қатар танытқан қатысушылар арасында үздік шыққан жеңімпаз бас жүлдені иеленіп, қошқарды қанжығасына байлады.
Ал арқан тартысы мен қол күресі бойынша жеңімпаздарға арнайы қаржылай сыйлықтар табысталды.
Арқан тартысы бойынша:
І орын — 70 000 теңге;
ІІ орын — 50 000 теңге;
ІІІ орын — 30 000 теңге.
Қол күресі бойынша:
І орын — 70 000 теңге;
ІІ орын — 50 000 теңге;
ІІІ орын — 30 000 теңге.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жеңімпаздар арнайы марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан алғысқа ие болды.
Ұлттық рухты ұлықтаған тағылымды шара Құрбан айт мерекесінің сәнін арттырып, жамағатқа ерекше әсер сыйлады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы