Center Image
IHSAN.KZ
«ӘЛ МАШАНИ» МЕШІТІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН САЙЫС ӨТТІ
«ӘЛ МАШАНИ» МЕШІТІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН САЙЫС ӨТТІ

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне мешіт ауласында ұлттық рухты дәріптеген мазмұнды спорттық-мәдени шара өтті.

Мерекелік кештің басты мақсаты – жамағат арасында ауызбіршілік пен бауырмалдықты нығайту, жастарды ұлттық құндылықтарға баулу және қазақ халқының дәстүрлі ойындарын насихаттау болды.

Шара барысында қазақтың ұлттық ойындарынан тартысты сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынасты. Атап айтқанда, арқан тарту, садақ ату, қошқар көтеру және қол күресі секілді ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтті. Қатысушылар ерекше белсенділік танытып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Әсіресе, жастардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығы жоғары болып, сайыс алаңында ептілік пен күш-жігердің үлгісі көрінді. Мешіт ауласына жиналған жамағат жеңімпаздарға қолдау білдіріп, мерекелік шараның сәнін арттыра түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен жеңімпаздар арнайы қаржылай сертификаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай игі шаралар ұлттық мұраны ұлықтап қана қоймай, қоғамдағы татулық пен рухани бірлікті арттыруға үлкен үлес қосатынын атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz