Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ «ХӘЗІРЕТ ӘЛИ» МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ «ХӘЗІРЕТ ӘЛИ» МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Барша мұсылманның ұлық мейрамы қасиетті Құрбан айт мейрамында «Хазірет Әли» мешітінің жамағаты айт намазын оқып, ұлық мейрамды қарсы алды.

Айт намазына қала тұрғындары мен ақсақалдар, жастар мен мешіт жамағаты қатысып, мұсылман қауымы бірлік пен бауырмалдықтың үлгісін көрсетті.

Мерекелік жиында мешіт имамы Ербол Мұқанұлы жиналған қауымды Құрбан айт мейрамымен құттықтап, бұл күннің мұсылман жұртшылығы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар айттың рухани мәні, құрбан шалудың сауабы және адамды ізгілікке, мейірім мен жанашырлыққа үндейтін тағылымы жайында насихат айтты.

Айт намазынан кейін жамағат ел тыныштығы, жер амандығы және халқымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасап, мемлекетіміздің бейбітшілігін тіледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz