Осакаровка аудандық мешіті жамағаты қасиетті Құрбан айт мейрамын ерекше рухани көңіл-күймен және жоғары деңгейде қарсы алды.
Айт күні мешітке жиналған жамағат айт намазын оқып, ұлық мерекенің қадір-қасиетін сезінді. Мерекелік жиында аудан имамы Құдайберген Серікұлы жамағатты Құрбан айт мейрамымен құттықтап, айттың рухани маңызы, құрбан шалудың сауабы мен мұсылман қауымын татулыққа, мейірім мен жанашырлыққа үндейтін тәрбиелік мәні жайында уағыз айтты.
Мешіт ауласында арнайы тігілген киіз үйде жиналған қауымға ақ дастарқан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Жамағат бір-бірімен айттасып, ізгі тілектерін білдіріп, мерекелік көңіл-күйді бөлісті.
Сонымен қатар мереке аясында қазақтың ұлттық ойындарынан сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынасты. Ұлттық рухты дәріптеген шаралар көпшілікке ерекше әсер сыйлап, жастардың қызығушылығын арттырды.
Құрбан айт мерекесіне арналған тағылымды шара жамағат арасындағы ауызбіршілік пен бауырмалдықты нығайтып, ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды ұлықтаған ерекше күн болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы