Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Құрбан айт мерекесі аталып өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Құрбан айт мерекесі аталып өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамы кең көлемде аталып өтті.

Мерекелік іс-шара таңғы сағат 06:30-да айт намазының оқылуымен басталды. Жамағат бір сапта құлшылық жасап, қасиетті мейрамды рухани ықыласпен қарсы алды.

Іс-шара барысында мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, айт мейрамының рухани мәні, құрбан шалудың тарихы мен тәрбиелік хикметтері жөнінде уағыз-насихат жүргізді.

 Сонымен қатар құрбандық құлшылығының қоғамдағы жанашырлық, мейірімділік және бауырмалдық құндылықтарын нығайтудағы маңызы кеңінен түсіндірілді.
Айт намазынан кейін ел мен жердің амандығы, халықтың тыныштығы мен берекесі үшін арнайы дұға жасалды. 
Сонымен қатар мерекелік шара жамағат арасында ұлттық ойындармен жалғасын тауып, қатысушылар белсенділік танытты. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы сыйақылар мен марапаттар табысталды.

Аталған мерекелік іс-шара жамағаттың рухани бірлігін арттырып, ислам құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды рухани шаралардың бірі ретінде өтті.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz