Қасиетті Құрбан айт мейрамында қалалық «Бұқар жырау» мешітінде айт намазы оқылып, жамағат ұлық мерекені ықыласпен қарсы алды.
Айт намазына жиналған қауымға мешіт имамы мерекелік уағыз айтып, барша мұсылман жұртшылығын Құрбан айт мейрамымен құттықтады. Уағыз барысында айттың рухани маңызы, құрбан шалудың сауабы, ізгілік пен мейірімнің қоғамдағы орны жайында насихат айтылды.
Мерекелік шара барысында мешіттің рухани жұмыстарына белсенді атсалысып жүрген дін жанашырлары арнайы марапатталды. Жамағат игілігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс білдіріліп, олардың қоғамдағы ауызбіршілік пен имандылықты нығайтудағы еңбегі ерекше аталып өтті.
Айт намазынан кейін жамағат ел тыныштығы мен жер амандығы үшін дұға жасап, халқымызға береке мен бірлік тіледі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы