Center Image
IHSAN.KZ
«ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА ҰЛТТЫҚ ДӘМ ҰСЫНЫЛДЫ
«ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА ҰЛТТЫҚ ДӘМ ҰСЫНЫЛДЫ

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіті мешітінде қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне жамағатқа ұлттық тағамдар ұсынылып, мерекелік дастарқан жайылды.

Айт намазынан кейін мешіт ауласына жиналған қауымға арнайы ұлттық дәм таратылып, жамағат бір-бірімен айттасып, ізгі тілектерін жеткізді. Мерекелік шара барысында ауызбіршілік пен бауырмалдықтың маңызы насихатталып, келген қонақтарға ерекше құрмет көрсетілді.

Жамағат ақ дастарқан басында бас қосып, Құрбан айттың рухани мәнін сезініп, мерекелік көңіл-күйге бөленді. Сонымен қатар ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұғалар жасалды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz