Қасиетті Құрбан айт мейрамында Абай аудандық орталық мешіті мешітінде айт намазынан кейін ұлттық ойындар ұйымдастырылып, жамағатқа мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Мерекелік шара барысында қазақтың дәстүрлі ойындары — арқан тарту мен қол күресінен тартысты сайыстар өтті. Қатысушылар өзара бақ сынасып, күш пен ептіліктің үлгісін көрсетті. Ұлттық рухты дәріптеген сайысқа жастар ерекше белсенділік танытты.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы қаржылай сыйлықтар табысталып, белсенді қатысушыларға алғыс білдірілді.
Сонымен қатар мешіт асханасында жамағатқа арнайы дастарқан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Жиналған қауым бір-бірімен айттасып, ізгі тілектерін білдіріп, мерекелік қуанышпен бөлісті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы