Center Image
IHSAN.KZ
МЕШІТ АУЛАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТТІ
МЕШІТ АУЛАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТТІ

Қарағанды қалалық «Бұқар жырау» мешітінде айт намазынан кейін мешіт ауласында жамағатқа арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, ұлттық рухты дәріптеген спорттық және дәстүрлі ойындар өткізілді.

Атап айтқанда, қой көтеру, арқан тарту және өзге де ұлттық ойындар бойынша тартысты сайыстар өтіп, қатысушылар өзара бақ сынасты. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен және ынталандыру марапаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар айт намазына жиналған жамағат үшін арнайы дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Қауым бір-бірімен айттасып, ізгі тілектерін білдіріп, мерекелік көңіл-күйде бас қосты.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz