Center Image
IHSAN.KZ
ТЕМІРТАУДА ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛЫП, ЖАМАҒАТ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕНІ ҚАРСЫ АЛДЫ
ТЕМІРТАУДА ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛЫП, ЖАМАҒАТ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕНІ ҚАРСЫ АЛДЫ
Қарағанды облысы Теміртау қаласында қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай айт намазы оқылып, қала мешіттеріне жиналған жамағат ұлық мейрамды зор қуанышпен қарсы алды.

Айт намазына жиналған тұрғындар бір-біріне ізгі тілектерін арнап, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығы үшін дұға жасады. Мерекелік жиын барысында Құрбан айттың рухани маңызы, татулық пен бауырмалдықтың қадірі насихатталды.

Теміртау қаласының бас имамы Ақниет Сәлімбайұлы жамағатты қасиетті мерекемен құттықтап, Құрбан айттың адамды мейірімділікке, қайырымдылыққа және ынтымаққа үндейтін ұлық мереке екенін атап өтті. Сонымен қатар, мұсылман қауымын ауызбіршілікке, ізгі амалдар жасауға шақырды.

Айт намазынан кейін мешіттерде арнайы дұғалар оқылып, құрбан шалу рәсімдері ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, бір-біріне ақжарма тілектерін жеткізді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz