Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда “Тегін такси” қайырымдылық акциясы өтті
Теміртауда “Тегін такси” қайырымдылық акциясы өтті
Қарағанды облысы Теміртау қаласының бас имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен қасиетті Құрбан айт мерекесі күндері қала жастары мен мешіт жамағаты арнайы «Тегін такси» қайырымдылық акциясын өткізді.

Игі шараның басты мақсаты – айт мерекесінде халыққа қуаныш сыйлап, тұрғындарға көмек көрсету және ұлттық әрі рухани құндылықтарды насихаттау болды. Акция барысында ерікті жастар мен мешіт жамағаты қала тұрғындарын айт намазына және қажетті бағыттарға тегін тасымалдап, көпшілікке қызмет етті.

Қайырымдылық шарасы әсіресе қарт кісілерге, көпбалалы отбасыларға және тұрғындарға үлкен қолдау көрсетіп, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, акция барысында жастар ауызбіршілік пен мейірімділіктің үлгісін танытып, қоғамға пайдалы қызмет атқарды.

Осындай игі бастамалар қасиетті Құрбан айт мерекесінің рухани мәнін арттырып, ел арасындағы бауырмалдық пен жанашырлықты нығайта түсуде.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz