Center Image
IHSAN.KZ
Ақжал кенті мешітіде Құрбан айт мейрамы өз деңгейінде аталып өтті
Ақжал кенті мешітіде Құрбан айт мейрамы өз деңгейінде аталып өтті

Шет ауданына қарасты Ақжал кенті имамының ұйымдастыруымен қасиетті Құрбан айт мерекесі өз мәнінде аталып өтті.

Айт намазынан кейін жиналған жамағатпен бірге ұлттық рухты дәріптеген спорттық ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қол күрес және арқан тарту сайыстары өткізіліп, қатысушылар өзара бақ сынасты. Жеңімпаздарға арнайы ақшалай сыйлықтар табысталып, ынталандыру көрсетілді.

Сонымен қатар, қайырымдылық шарасы аясында Құрбан айтта екі ірі қара және бес қой құрбандыққа шалынып, ет өнімдері аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға таратылды.

Игі іске жиналған жамағат бірлік пен бауырмалдықтың жарқын үлгісін көрсетіп, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Құрбан айт мерекесі Ақжал кенті тұрғындары үшін береке мен қайырымдылыққа толы рухани күн ретінде есте қалды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz