Center Image
IHSAN.KZ
МОЛОДЕЖНЫЙ КЕНТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ
МОЛОДЕЖНЫЙ КЕНТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Молодежный кенті мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай айт намазы оқылып, жамағат ұлық күнді құлшылықпен өткізді.

Айт намазына жиналған мешіт жамағаты бір-бірімен құттықтасып, мерекенің рухани мәнін бірге сезінді.

Мешіт имамы жиналған қауымды Құрбан айт мейрамымен құттықтап, бұл күннің адамды ізгілікке, мейірім мен бауырмалдыққа үндейтін ұлық мереке екенін атап өтті.

Жамағат ел мен жердің тыныштығы, халықтың амандығы үшін дұға жасап, бірлік пен берекені тіледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz