Center Image
IHSAN.KZ
БАЛҚАШТА ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРМЕН ҰШТАСТЫ
БАЛҚАШТА ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРМЕН ҰШТАСТЫ

Балқаш қалалық мешітінде қасиетті Құрбан айт намазынан кейін жамағатқа айттық тәттілер таратылып, мереке ұлттық ойындармен жалғасты.

Айт намазына жиналған қауымға құрмет ретінде арнайы дастархан ұйымдастырылып, жамағат бір-бірімен айттасып, ізгі тілектерін жеткізді.

Мерекелік іс-шаралар бұдан әрі ұлттық рухты дәріптейтін спорттық сайыстармен жалғасын тапты. Атап айтқанда, «Күш атасын танымас» ұранымен қой көтеру сайысы өтіп, қатысушылар өзара бақ сынасты.

Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар арнайы қаржылай сыйлықтармен марапатталды:

— I орын – 100 000 теңге
— II орын – 30 000 теңге
— III орын – 20 000 теңге

Шара соңында жамағат бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz