Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қасиетті Құрбан айт мейрамына орай айт намазы оқылып, жамағат мерекелік құлшылыққа жиналды.
Айт намазының алдында мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы уағыз-насихат айтып, Құрбан айттың рухани мәні мен тәрбиелік маңызы жайлы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, құрбан шалудың мұсылман өміріндегі орны, оның адамды ізгілікке, жанашырлыққа және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге үндейтіні айтылды.
Жамағат бір-біріне айт мерекесімен құттықтау айтып, ел тыныштығы мен береке-бірлік үшін дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы