Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіті мешітінде жамағат қазақтың ұлттық ойындарынан бақ сынасып, мерекелік әрі рухани мәні зор шараға қатысты.
Іс-шара барысында арқан тарту, қол күрес және кір тасын көтеру сынды ұлттық спорт түрлері бойынша тартысты сайыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар өзара күш, ептілік және төзімділік сынап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шара қорытындысында жеңімпаздар арнайы қаржылай сертификаттармен марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс білдірілді.
Ұйымдастырушылар мұндай игі бастамалар жастарды салауатты өмір салтына баулып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосатынын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы