Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлы Құрбан айт мерекесіне орай дайындалған құрбан шалу орнына арнайы барып, қасиетті Құран аяттарын оқып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.
Іс-шара барысында құрбан шалу рәсімдерінің шариғат талаптарына сай әрі таза жағдайда өтуіне мән беріліп, ұйымдастыру жұмыстары да пысықталды. Сонымен қатар, жиналған жамағатқа Құрбан айттың рухани маңызы насихатталып, құрбан шалудың ізгілік пен мұқтаж жандарға көмек көрсету екендігі айтылды.
Мешіт имамы Алла Тағаладан қабыл болған құрбандық, берекелі мереке және халқымызға амандық тіледі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы