Қарағанды облысы Теміртау қаласында қайырымдылық пен ізгілікке негізделген игі шара өтті. Қала имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен 8 баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы анаға арнайы сый-құрмет көрсетіліп, қаржылай көмек табысталды.
Шара барысында отбасы құндылығы мен ананың қоғамдағы орны ерекше екені айтылып, көпбалалы ананың еңбегі мен төзіміне алғыс білдірілді. Сонымен қатар, мұндай сауапты істер қоғамда мейірім мен жанашырлықты арттыратыны атап өтілді.
Игі бастамаға ұйытқы болған азаматтарға ризашылық білдіріліп, көпбалалы отбасыға амандық пен береке тілінді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы