Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде айттық дастархан жайылды
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде айттық дастархан жайылды
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай айт намазына жиналған 150 жамағатқа арнайы айттық дастархан жайылды.

Айттық дастархан барысында мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы жамағатқа уағыз-насихат айтып, халқымыздың ежелден келе жатқан «Айттау дәстүрінің» маңызына тоқталды. Сонымен қатар, айт күндерінің адамдар арасындағы татулықты нығайтып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, ағайын-туыстың араласуын арттыратын рухани мереке екендігін жеткізді.

Шара соңында жамағатқа ақ дастарханнан дәм ұсынылып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды. Айттық дастархан жанашыр жамағаттардың қолдауымен ұйымдастырылды

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz