Қарқаралы аудандық “Құнанбай қажы” мешітінде қасиетті Құрбан айт намазы оқылып, ұлық мейрам ұлттық ойындармен жалғасын тапты.
Айт намазынан кейін мешіт ауласында ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Жамағат арасында арқан тарту, садақ ату, ал жеткіншектер арасында қазақша күрес бойынша сайыстар өткізілді.
Шара соңында жеңімпаздарға жүлделі сыйлықтар табысталып, мереке бірлік пен бауырмалдықты дәріптеген мазмұнды іс-шараға ұласты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы