Қарқаралы ауданына қарасты Нүркен ауылдық мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай тағылымды әрі мерекелік шара ұйымдастырылды. Мешіт имамы Қайыржан Тезекбайұлының ұйытқы болуымен өткен игі шараға ауыл тұрғындары мен жамағат белсене қатысты.
Айт күні ауыл халқы қасиетті мерекенің рухын сезініп, бір-біріне ізгі тілектерін арнады. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қазақтың дәстүрлі ойындарынан сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынасты. Жамағат арасында өткен жарыстар мерекенің көркін қыздырып, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында балаларға арнайы тәттілер таратылып, мерекелік сыйлықтар ұсынылды. Бүлдіршіндердің қуанышына себеп болған бұл игі бастама айттың мейірім мен ізгіліктің мерекесі екенін айқын көрсетті.
Ұйымдастырылған мерекелік кеш ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін арттырып, Құрбан айттың рухани маңызын кеңінен насихаттауға ықпал етті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы