Center Image
IHSAN.KZ
ТЕРЕКТІ АУЫЛЫНДА ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
ТЕРЕКТІ АУЫЛЫНДА ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Қарқаралы ауданына қарасты Теректі ауылының жамағаты қасиетті Құрбан айт мерекесін өз деңгейінде атап өтті. Ауыл тұрғындары ұлық мейрамның рухани мәнін сезініп, бірлік пен берекені дәріптеген игі шараға белсене қатысты.

Мерекелік жиында ауыл имамы Мұқан Тұнғат Мұқанұлы жиналған жамағатты Құрбан айт мейрамымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Ол өз сөзінде айт күндерінің татулық пен бауырмалдықты нығайтатын, ізгі амалдарға үндейтін ерекше мереке екенін атап өтті.

Шара барысында қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс ұйымдастырылып, ауыл жастары мен тұрғындары өзара бақ сынасты. Арқан тарту, қол күрес сынды жарыстар көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекенің сәнін кіргізді.

Ұйымдастырылған игі бастама ауыл жамағатының ынтымағын арттырып, Құрбан айттың шынайы рухын сезіндіре түсті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz