Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАЙЛЫ КЕНТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
ҚАРАҒАЙЛЫ КЕНТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Қарқаралы ауданына қарасты Қарағайлы кентінің тұрғындары ұлық мереке – Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде атап өтті. Мерекелік шараға жиналған жамағат айттың рухани мәнін сезініп, бір-біріне ізгі тілектерін арнады.

Мешіт имамы Ғалым Қайыржанұлы жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, бұл күннің мұсылман қауымы үшін бірлік пен бауырмалдықты арттыратын қасиетті мейрам екенін атап өтті.

Шара барысында ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылып, жамағат белсене қатысты. Атап айтқанда, арқан тарту, асық ату және садақ ату сынды дәстүрлі ойындардан тартысты жарыстар өтті. Қатысушылар өзара бақ сынасып, мерекелік көңіл-күйді қыздыра түсті.

Сонымен қатар, балаларға арнайы айттық тәттілер таратылып, мерекелік сыйлықтар берілді. Бұл игі бастама бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлап, айт мерекесінің мейірім мен ізгіліктің мейрамы екенін айқындай түсті.

Ұйымдастырылған шара кент тұрғындарының ауызбіршілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосты.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz