Қарағанды қалалық Әл Ғаффар мешітінде қасиетті Құрбан айт намазы оқылып, жамағат мерекелік құлшылыққа ерекше ықыласпен жиналды.
Айт намазы барысында имамдар жамағатқа уағыз-насихат айтып, Құрбан айттың рухани мәні, мұсылман өміріндегі орны мен бауырмалдықтың маңызы жөнінде тағылымды насихаттар жеткізді.
Сонымен қатар, Құрбан айт намазының орындалу тәртібі мен шарттары кеңінен түсіндіріліп, айт намазының уақыты, тәкбір айту әдебі және құрбан шалудың шариғаттағы үкімдері баяндалды.
Жамағатқа құрбандық шалудың маңыздылығы, оның мұқтаж жандарға көмек көрсету мен қоғамдағы мейірімділікті арттырудағы орны түсіндірілді.
Шара соңында еліміздің амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалып, жамағат бір-біріне айт мерекесінің ізгі тілектерін жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы