Қарағанды қалалық Әл Ғаффар мешітінде қасиетті Құрбан айт мейрамы қарсаңында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұлттық ойындар сайысы ұйымдастырылды.
Іс-шараға мешіт жамағаты мен жастар қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық мұрасын насихаттайтын ойындар бойынша өзара бақ сынасты.
Сайыс барысында арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу секілді ұлттық ойындар ойнатылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, жамағат арасында ауызбіршілік пен бауырмалдықты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
Шара соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталып, қатысушыларға алғыс айтылды. Ұйымдастырушылар мұндай игі шаралар жастарды ұлттық тәрбиеге баулып, рухани құндылықтарды насихаттауға үлкен үлес қосатынын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы