Center Image
IHSAN.KZ
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ШӘКІРТТЕРГЕ РУХАНИ НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ШӘКІРТТЕРГЕ РУХАНИ НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

Ақтас кентіндегі Ерімбет Ата мешітінің ұстазы Әмина Алмасқызының ұйымдастыруымен шәкірттер Құрбан айт мерекесіне орай табиғат аясында рухани кездесу өткізді.

Игі шара барысында жастарға мерекенің мән-маңызы түсіндіріліп, бірлік пен бауырмалдықты арттыруға бағытталған тағылымды әңгімелер айтылды. Сондай-ақ шәкірттер пайдалы насихаттарды тыңдап, еркін форматта пікір алмасып, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді.

Табиғат аясында өткен рухани кездесу жас буынға ерекше әсер қалдырып, айт мерекесінің мейірім мен ізгілікке үндейтін рухын сезіндіре түсті.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz