Осакаровка аудандық мешітінде ұстаз Ақбота Қайратқызының ұйымдастыруымен қасиетті құрбан айт мейрамының құрметіне орай әйел-қыздар жамағатына арналған рухани насихаттық шара өтті.
Шара барысында Құрбан айт мейрамының маңызы, оның мұсылман қауымы үшін берері мен рухани тәрбиелік қырлары кеңінен түсіндірілді. Ұстаз жамағатқа ізгі амалдардың қадірі, отбасы берекесі және мейірім мен жанашырлықтың қоғамдағы орны жайлы тағылымды насихат айтты.
Сонымен қатар, мешіт жанында арнайы дастархан жайылып, әйел-қыздар жамағатына құрмет көрсетілді. Жиналғандар бір-біріне ізгі тілектерін арнап, мерекелік рухта жылы жүздесу өткізді.
Игі шара қатысушыларға рухани серпіліс беріп, Құрбан айттың мәнін тереңірек сезінуге мүмкіндік жасады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы