Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешіті қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, әлеуметтік жағдайы төмен әрі мұқтаж отбасыларға 100 себет азық-түлік таратты.
Игі шараның басты мақсаты – Құрбан айт мейрамының рухани құндылықтарын насихаттап, қоғамдағы жанашырлық пен мейірімділікті арттыру, сондай-ақ көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету болды. Азық-түлік қоржындарына күнделікті тұрмысқа қажетті тағамдар салынып, арнайы дайындықпен үлестірілді.
Мешіт ұжымы мен жамағаттың қолдауымен өткен қайырымдылық шарасында көптеген отбасыларға қуаныш сыйланып, мерекелік көңіл-күй тарту етілді. Ұйымдастырушылар қайырымдылыққа атсалысқан барша азаматтарға шынайы алғысын білдіріп, жасалған әрбір игі істің сауабы мол болуын тіледі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы