Осакаровка аудандық мешітінде Құрбан айт мейрамының құрметіне орай балаларға арналған игі шара ұйымдастырылып, айт тәттілері үлестірілді.
Мерекенің басты мақсаты – бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, айт күнінің берекелі рухын сезіндіру болды. Осыған орай мешіт жамағаты тарапынан балаларға айттық тәттілер таратылып, ерекше көңіл-күй сыйланды.
Шара барысында кішкентайларға жылы лебіздер айтылып, мерекенің мейірім мен ізгілікті дәріптейтін қасиетті күн екені түсіндірілді.
Игі бастама балалардың шат күлкісіне себеп болып, Құрбан айт мерекесінің қуанышты атмосферасын арттыра түсті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы