Ақтас кенті «Ерімбет Ата» мешітінде Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Таңғы уақытта мешітте Құрбан айт намазы оқылып, жамағат бірлесе дұға жасап, ұлық мерекеге арналған жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылды.
Мерекелік іс-шара барысында ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қол күрес, арқан тарту және гір көтеру сынды сайыстар өткізіліп, оған қатысушылар өздерінің күш-қуаты мен ептілігін ортаға салды. Жарыс барысында жамағат арасында тартысты бәсеке орын алып, ең үздіктер анықталды.
Сайыс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй мен мерекелік шаттық сыйлады. Құрбан айттың рухани мәні мен бірлік, бауырмалдық секілді құндылықтары тағы бір мәрте айқын көрініс тапты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы