Center Image
IHSAN.KZ
РОСТОВКА АУЫЛЫНДА ҚҰРБАН АЙТ РУХАНИ КӨҢІЛ-КҮЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
РОСТОВКА АУЫЛЫНДА ҚҰРБАН АЙТ РУХАНИ КӨҢІЛ-КҮЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданына қарасты Ростовка ауылдық мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесі аталып өтті.

 Айт намазы оқылып, жамағатқа тағылымды уағыз-насихат айтылды. Ауыл әкімі Маратпекұлы Бағдат тұрғындарды қасиетті мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар, ауыл имамы жамағатқа ақ дастархан жайып, ауыл ақсақалдары елдің амандығы мен бірлігі үшін ақ баталарын берді. Тұрғындар құрбандық шалып, сауапты іске өз үлестерін қосты.

Мереке соңында имамның ұйымдастыруымен бүлдіршіндерге балмұздақ таратылып, балаларға ерекше қуаныш сыйланды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz