Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде Құрбан айт мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті.
Мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы жамағатты ұлық мерекемен құттықтап, Құрбан айттың мән-маңызы жөнінде уағыз-насихат айтты. Жиналған жұртшылыққа бірлік, бауырмалдық және қайырымдылықтың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Мерекелік шара бұдан әрі қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты. Атап айтқанда, кір тасын көтеру, арқан тартысы, қол күресі және қошқар көтеру сынды сайыстар ұйымдастырылды.
Ұлттық спорт ойындарына жамағат белсене қатысып, көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше мерекелік атмосфера қалыптасты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы