Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде құрбан айт мейрамы аталып өтті
«Бала қажы» мешітінде құрбан айт мейрамы аталып өтті
Қарағанды қалалық “Бала қажы” мешітінде Құрбан айт мерекесі кең көлемде аталып өтті. Айт намазымен басталған қасиетті мерекенің қуанышы мешіт жамағаты мен қала тұрғындарына ерекше рухани көңіл-күй сыйлады.

Мереке аясында халыққа тегін ас таратылып, жиналған жамағатқа дастарқан жайылды. Сонымен қатар ұлттық рухты дәріптеу мақсатында спорттың үш түрінен — кір көтеру, арқан тартыс және қол күресінен жарыстар ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушылар белсенділік танытып, мерекенің сәнін арттырды.

Құрбан айттың екінші күнінде құрбандыққа шалынған ет мұқтаж отбасылар мен жамағатқа жеткізіліп, қайырымдылық шаралары жалғасуда. Бұл игі іс мұсылман қауымының бірлігі мен бауырмалдығын нығайтып, айт мерекесінің мән-маңызын айшықтай түсті.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz