Center Image
IHSAN.KZ
«Қажыбай қажы» мешіті құрбан айт мейрамын кең көлемде атап өтті
«Қажыбай қажы» мешіті құрбан айт мейрамын кең көлемде атап өтті
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылдық “Қажыбай қажы” мешіті
қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік шара жоғары деңгейде өтті. 

Ауыл тұрғындары мен қонақтар бір алаңға жиналып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеген ерекше думанды кештің куәсі болды. Мерекелік іс-шара халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шара барысында қазақ халқының бай мұрасын танытатын ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, арқан тарту, кір тасын көтеру, садақ ату және басқа да ұлттық ойындар өткізілді. Жастар белсенділік танытып, өз өнерлері мен ептіліктерін көрсетті. Ұлттық ойындарға үлкендер де қызығушылықпен қатысып, көрермендер ерекше әсер алды.

Сонымен қатар, мерекеде ақ дастархан жайылып, қонақтарға Құрбан айттың құрметіне арнап дәм ұсынылды. Жиналған жұрт бір-біріне ізгі тілектерін айтып, мерекелік көңіл күйді бірге бөлісті.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz