Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ «АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ «АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай жамағат арасында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды.


Іс-шара барысында қатысушылар қазақ халқының дәстүрлі ойын түрлері бойынша өзара бақ сынап, ұлттық мұраны дәріптеуге бағытталған белсенділік танытты. Сонымен қатар, сайыс аясында жамағат арасындағы ауызбіршілік пен бауырмалдықты нығайтуға баса мән берілді.


Аталған шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, жастардың дәстүрлі мәдениетке деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын дәріптеу.


Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен марапаттар табысталды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz