Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлының ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесі ұлттық дәстүр аясында аталып өтті.
Мерекелік шара барысында жеткіншектер арасында қазақ күресінен сайыс ұйымдастырылып, жас палуандар өзара бақ сынасты. Сонымен қатар балаларға арнайы айттықтар таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас буынның салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы