Center Image
IHSAN.KZ
«ӘЛ-МАШАНИ» МЕШІТІНДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
«ӘЛ-МАШАНИ» МЕШІТІНДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қарағанды қалалық “Әл-Машани” мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай жас бүлдіршіндерге арналған мерекелік шара өтті.

Мешіт ауласында балаларға түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Сонымен қатар бүлдіршіндерге пицца, қытырлақ тауық қанаттары, картоп фри, самса және балмұздақ таратылды.

Шара барысында балалар діни өлеңдер айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Белсенді қатысқан жеткіншектерге сыйлықтар мен ойыншықтар үлестірілді.

Айтулы мереке балаларға ерекше қуаныш сыйлап, ізгілік пен мейірімге толы кешке ұласты



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz