Center Image
IHSAN.KZ
Құрбан айт қарсаңында 60 отбасыға ет таратылды
Құрбан айт қарсаңында 60 отбасыға ет таратылды
Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық шарасы өткізілді. Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж 60 отбасыға құрбандық еті үлестірілді.

Шараның басты мақсаты – Құрбан айттың рухани мәнін дәріптеп, мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамда мейірім мен жанашырлықты нығайту. Қалалық мешіт ұжымы мен жомарт жандардың демеушілігі арқасында жиналған ет арнайы тізім бойынша отбасыларға таратылды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz