Center Image
IHSAN.KZ
ШАХТИНСК ҚАЛАСЫНДА «ҚОШ КЕЛДІҢ, ҚҰРБАН АЙТ!» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
ШАХТИНСК ҚАЛАСЫНДА «ҚОШ КЕЛДІҢ, ҚҰРБАН АЙТ!» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
 Шахтинск қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайының қазақ ұлттық «Парасат» орталығында қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «Қош келдің, Құрбан айт!» атты рухани-мәдени іс-шара өтті.

Мерекелік кешке арнайы қонақ ретінде Шахтинск қаласының бас имамы Әбілхайыр Кәсенұлы мен қала ақсақалдары қатысып, жиналған жұртшылықты қасиетті мерекемен құттықтады. Өз сөздерінде Құрбан айттың адамгершілік, мейірімділік және ауызбіршілікті насихаттайтын ұлық мейрам екендігін атап өтті.

Сонымен қатар іс-шара барысында «Татара-башқұрт» орталығы, «Околица» этномәдени бірлестігі және «Парасат» орталығының «Ақ әжелер» ансамблі қатысып, әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Тағылымды кеш барысында ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтар дәріптеліп, көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

Іс-шараны ұйымдастырушы — қазақ ұлттық «Парасат» орталығының жетекшісі Кушекова Аманкуль Алькеновна.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz