Center Image
IHSAN.KZ
АБАЙ АУДАНЫНДА ОРЫС ҰЛТЫНЫҢ ӨКІЛІ ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАДЫ
АБАЙ АУДАНЫНДА ОРЫС ҰЛТЫНЫҢ ӨКІЛІ ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Абай аудандық мешітінде ерекше әрі жүрекке жылу сыйлаған қуанышты оқиға орын алды. Орыс ұлтынан шыққан қарындасымыз ислам дінін қабылдап, кәлима шәһәдәт айтып, мұсылман атанды.

Игі шара барысында мешіттің наиб имамы Нұрқанат Төлеутайұлы ислам дінінің бейбітшілік пен мейірімге, адамгершілік пен ізгілікке негізделген қасиетті дін екенін түсіндіріп, арнайы уағыз-насихат жүргізді. Сонымен қатар исламның адам өміріндегі маңызы, мұсылманның көркем мінезі мен сауапты амалдарының орны жайлы кеңінен баяндады.

Наиб имам жаңа мұсылман болған қарындасымызға ақ тілегін білдіріп, мешіт атынан орыс тіліндегі діни кітаптар мен жайнамаз сыйға тартты.

Бұл әсерлі сәт ислам дінінің ұлт пен тілге бөлмейтін, барша адамзатқа ортақ хақ жол екендігін тағы бір мәрте айқындай түсті. Жамағат жаңа мұсылман болған қарындасымызға ізгі тілектерін арнап, иманының берік болуын тіледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz