Center Image
IHSAN.KZ
«ӘЛ ҒАФФАР» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН РУХАНИ ЖИЫН ӨТТІ
«ӘЛ ҒАФФАР» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН РУХАНИ ЖИЫН ӨТТІ

Ұлық мереке – қасиетті Құрбан айт мейрамы аясында «Әл Ғаффар» мешітінде әйелдер жамағатының қатысуымен мерекелік рухани жиын ұйымдастырылды.

Айттың алғашқы күнінен бастау алған игі басқосудың негізгі мақсаты – асыл дініміздің құндылықтарын дәріптеу, әпке-сіңлілер арасындағы ауызбіршілікті нығайту және қоғамдағы әйел адамның рухани тепе-теңдігін арттыру болды.

Мерекелік шара шынайы ықылас пен жылылыққа толы атмосферада өтті. Жиын барысында ғибратты уағыз-насихаттар айтылып, заманауи қоғамдағы мұсылман әйелдің рөлі, отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі және ізгі амалдардың маңызы секілді өзекті тақырыптар кеңінен қозғалды.

Қатысушылар рухани әсер алып, мерекелік кездесудің тәрбиелік мәні зор болғанын атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz