Center Image
IHSAN.KZ
ҚҰРБАН АЙТТА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
ҚҰРБАН АЙТТА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен және Шахтинск қаласының кәсіпкерлері мен жанашыр жамағаттың қолдауымен балалар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан «Шәмс» сүресінен «Нәс» сүресіне дейінгі аралықта сайыс өтті.

Рухани сайысқа Шахтинск қаласы, Саран қаласы және Долинка кентінен келген шәкірттер қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылардың Құранға деген ықыласы мен дайындығы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Сайыс қорытындысы бойынша:
 ІІІ орын — Ясыров Нұрмұхаммед (Долинка кенті) — 15 000 теңге;
 ІІ орын — Нусуров Нұрмұхаммед (Долинка кенті) — 25 000 теңге;
 І орын — Нурулла Фархатұлы (Саран қаласы) — 40 000 теңге иеленді.

Сонымен қатар қатысушыларға арнайы сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.

Марапаттау рәсімін Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлы, ақсақал Жетпіспайұлы Дәуіт және «Мансап» орталығының басшысы Манапов Рүстем өткізді.

Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті қасиетті мерекеде қолдау білдірген демеушілерге, жанашыр жамағатқа және сайысқа қатысқан барлық шәкірттерге ерекше алғыс білдіреді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz