Center Image
IHSAN.KZ
«ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАНДЫҚ ЕТІ ҮЛЕСТІРІЛДІ
«ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАНДЫҚ ЕТІ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Қарағанды қалалық “Төлеутай ата” мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне орай әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға құрбандық еті таратылды.

Игі шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, айт мерекесінің қуанышын бірге бөлісу. Мешіт ұжымы мен жамағаттың атсалысуымен үлестірілген құрбандық еті бірқатар отбасыға жеткізілді.

Қайырымдылық шарасы барысында тұрғындар мешіт жамағатына алғыстарын білдіріп, сауапты істің берекесін тіледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz