Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешітінде 100 отбасыға құрбандық еті мен азық-түлік таратылды
«Әл Машани» мешітінде 100 отбасыға құрбандық еті мен азық-түлік таратылды

Қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне орай Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы 100 отбасыға құрбандық еті мен азық-түлік себеттері үлестірілді.

 Мешіт ұжымы мен жамағаттың қолдауымен жүзеге асқан сауапты іс мұқтаж жандарға қуаныш сыйлап, айт мерекесінің берекесін арттырды.

Қайырымдылық шарасына қатысқан тұрғындар өз ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz