Center Image
IHSAN.KZ
Ақтоғай: Қуаныш және Нүркен ауылы құрбан айт мейрамын атап өтті
Ақтоғай: Қуаныш және Нүркен ауылы құрбан айт мейрамын атап өтті

Ақтоғай ауданына қарасты Қуаныш және Нүркен ауылдарында Құрбан айт намазы оқылып, жамағатпен бірге ұлық мейрам кең көлемде аталып өтті.

Намаздан кейін ауыл жамағаты ел мен жердің тыныштығы, береке-бірлігі үшін арнайы дұға жасап, Алладан амандық тіледі.

Мерекелік шара барысында ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылып, жамағат арасында арқан тарту, қол күрес және басқа да жарыстар өткізілді. Жеңімпаздарға сый-сияпаттар табысталып, айт мерекесінің рухы одан әрі асқақтады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz