Center Image
IHSAN.KZ
ЗАҒИП ЖАНДАРҒА ҚҰРБАНДЫҚ ЕТІ ҮЛЕСТІРІЛДІ
ЗАҒИП ЖАНДАРҒА ҚҰРБАНДЫҚ ЕТІ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Қарағанды қалалық “Төлеутай ата” мешіті Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, зағип жандарға құрбандық етін үлестірді.

Игі іс-шара барысында мұқтаж жандарға арнайы дайындалған құрбандық еті таратылып, оларға мерекелік қолдау көрсетілді. Зағип жандар мешіт ұжымына және жомарт жамағатқа шынайы алғыстарын білдірді.

Қайырымдылыққа толы бұл бастама қоғамдағы ізгілік пен өзара қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсетті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz