Қарағанды облысы, Нұра аудандық мешіті
қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.
Аудан тұрғындары мен қонақтар бір алаңға жиналып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеген ерекше думанды кештің куәсі болды. Мерекелік іс-шара халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара барысында қазақ халқының бай мұрасын танытатын ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, көкпар, тазы жарысы, садақ ату және басқа да ұлттық ойындар өткізілді. Жастар белсенділік танытып, өз өнерлері мен ептіліктерін көрсетті. Ұлттық ойындарға үлкендер де қызығушылықпен қатысып, көрермендер ерекше әсер алды.
Сонымен қатар қонақтарға Құрбан айттың құрметіне арнап дәм ұсынылды. Жиналған жұрт бір-біріне ізгі тілектерін айтып, мерекелік көңіл күйді бірге бөлісті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы