ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен облыстық «Әнет баба» мешітінде әлеуметтік көмекке мұқтаж жүз он отбасыға құрбандық еті үлестірілді.
Шара барысында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы көмек алушы отбасыларға өзінің жылы лебізін білдіріп, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің ыстық сәлемін жеткізді.
Қайырымдылық шарасы барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж, аз қамтылған отбасылар, зағип жандар, жалғыз басты аналар және мүгедек жандар қамтылды.
Айта кетейік, құрбан айттың құрметіне орай өтіп жатқан қайырымдылық шаралары облысымыздың барлық өңірінде өз жалғасын табуда.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы